Жарияланды: 13300

Қазақстанның ағаш өңдеу өнеркәсібі қауымдастығы Орталық Азия аймақтық орман өнеркәсібі форумын өткізеді

Қазақстанның ағаш өңдеу және жиһаз жасау өнеркәсібі кәсіпорындарының қауымдастығы 13-14-ақпанда "Орман өнеркәсібі кешенінің 21-ғасырдағы интеграциялық-инновациялық мүмкіндіктері" деген тақырыпта I Орталық Азия аймақтық орман өнеркәсібі форумын өткізеді. Бұл туралы бүгін, 4-ақпанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында қауымдастықтың вице-президенті Евгений Бессонов журналистерге хабарлады.

Е.Бессоновтың хабарлауынша, форумның басты мақсаты, Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру аясында қауымдастық жобалап шығарған Қазақстанда саланы дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларды таныстыру, сондай-ақ, мемлекет пен ағаш өңдеу өнеркәсібі арасында заңға негізделген, өркениетті әрі қалыпты қарым-қатынас орнату болып табылады. Е.Бессоновтың айтуынша, өкінішке орай ҚР үкіметі елімізде экономиканың аталмыш саласын дамыту мақсаттары мен міндеттерін әзірге нақты анықтай алмай отыр. Соның салдары іспетті, ҚР парламенті бекіткен жаңа Орман Кодексінде де осындай белгісіздік сақталған. Атап айтсақ, орман қожайындарын коммуналдық басқаруға беру оларға орманды пайдалану құқығына ие болдыра алған жоқ. Бұл орманды қорғау және орман қорын қалпына келтіру жөніндегі жауапкершіліктен Астананы құтқарғанымен, ағаш кесу тұрғысында мемлекетті монополиялық құқықпен қаруландырды. Өз кезегінде орман қорын пайдаланушыға орманды табиғат қаскөйлерінен қорғау және қорды толықтыру міндеттемесін жүктеу арқылы өнеркәсіптік шығынды күрт арттырумен бірге бизнестің бұл түрін пайдадан қақты. Ал Е.Бессоновтың хабарлауынша, мемлекет тарапынан сындарлы саясат жүргізіліп, дұрыс реттелген жағдайда орман өнеркәсібі орман алқаптарының ұлғаюына, соған сәйкес, Қазақстанның Жалпы ішкі өнімі құрылымындағы орман және жиҺаз өнеркәсібінің үлес салмағының артуына түрткі болмақ. Бүгінде, еліміздегі ормандар аумағы 11 млн. шаршы метрді құрайды, бұл жасыл желекке бөленген Беларусь ормандарынан да мол қор. Алайда, орманды аумақтардың тең жартысына жуығын Оңтүстік Қазақстандағы сексеуілді және тоғайлы ормандар иемденеді. Е.Бессоновтың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, орман, ағаш өңдеу және жиҺаз жасау өнеркәсібі бойынша Қазақстанның экспорттық әлеуеті 5 млрд. долларға бағаланады. Алайда, қазіргі таңда республика контрабандалық жолмен елден шыққан өнімді есептегенде, шын мәнінде 200 мың доллардың өнімін экспорттап отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін