Қазақстанның Аграрлық партиясы алдағы мәслихат сайлауына 300 кандидаттың атын ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 459.6
  • 493.06
+29 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Аграрлық партиясы алдағы мәслихат сайлауына 300 кандидаттың атын ұсынды

Қазақстанның Аграрлық партиясы алдағы мәслихат сайлауына 300 кандидаттың атын ұсынды

Қазақстанның Аграрлық партиясы алдағы облыстық дәне аудандық мәслихаттар сайлауына 300 кандидаттың атын ұсынды. Бұл туралы бүгін, 16-шілдеде Астанада өткен партияның 4-сьезінде ҚАП-ның төрағасы Ромин Мәдинов хабарлады.

  • 16 Шiлде 2003
  • 1041
Фото - Caravan.kz

«Біздің мақсат- әрбір облыстық мәслихатта өз фракцияларымызды құру болып табылады. Бұл — ауыл тұрғындарының мүддесін толыққанды қорғауға септігін

тигізеді «,- дейді Р.Мәдинов.
Қазір Қазақстан парламентіндегі Аграрлық Партияның фракциясы 11 депутаттан құралған. Партия төрағасының айтуынша, өткен бір жылда партия мүшелері ауылшаруашылығын дамытуға бағышталған заңдарды талқылауға асқан белсенділікпен атсалысты. Аграрлық партияның қолдауымен ауыл жастарының одағы мен «Қазақстандық фермер» Ұлттық Қауымдастығы құрылды.
«Аграрлық Қазақстан» газеті мен «Мерей» журналы қатарлы республикалық басылымдарға партия құрылтайшылық жасайды.
Осыдан 4 жыл бұрын құрылған партия қатарында қазіргі таңда 100 мыңнан астам Қазақстан азаматы тіркелген. Қазақстан Аграрлық Партиясының 4-сьезіне республиканың барлық облысынан жиналған 144 делегат қатысуда.

Соңғы жаңалықтар
Қазақстанға мақта керек пе?
Жаңалықтар 21 Маусым