Қазақстанның арнаулы қызметінің қызметкерлері Тәжікстан мен Өзбекстан азаматтарынан 5 кг жуық героин тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның арнаулы қызметінің қызметкерлері  Тәжікстан мен Өзбекстан азаматтарынан  5 кг жуық  героин тәркіледі

Қазақстанның арнаулы қызметінің қызметкерлері Тәжікстан мен Өзбекстан азаматтарынан 5 кг жуық героин тәркіледі

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 28 тамыз. АСТАНА. ҰҚК-нің Ақтөбе облыстық департаментінің қызметкерлері жалпы салмағы 5 кг жуық героиннің ірі партиясын қолға түсірді, деп хабарлайды агенттік ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 28 Тамыз 2007
  • 510
Фото - Caravan.kz



Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, есірткі Өзбекстан және Тәжікстан азаматтарынан тәркіленген. «ҰҚКД тергеу бөлімшесі ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабы бойынша (есірткілік заттарды заңсыз сатып алу, сақтау, дайындау немесе сату) қылмыстық іс қозғады.

Бұған қоса, ҰҚК-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылорда облыстық департаменті полициямен бірлескен шара барысында Шиелі ауданының Бәйгеқұм станциясының тұрғыны ұсталды, ол өзінің бақшасында заңсыз қарақурай өсірумен шұғылданған. «Тексеру барысында 94 түп қарақурай табылды», — деп хабарлайды арнаулы қызметтегілер. Бұл дерек бойынша Шиелі аудандық ІІБ қылмыстық іс қозғады.

Бұған қоса, баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шіркейлі ауылының тұрғынының ауласынан 2 кг жуық марихуана тәркіленді. «Ұсталғанның үстінен ішкі істер органдары қылмыстық іс қозғады», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.