Жарияланды: 600

Қазақстанның ауылшарашылық саясатын халықаралық сарапшылар либералды деп бағалап отыр - ҚР ауылшаруашылығы министрі

Қазақстанның ауылшарашылық саясатын халықаралық сарапшылар либералды деп бағалап отыр. Бұл туралы бүгін, 6-ақпанда агроөнеркәсіптік кешен мәселесіне орай Астанада өткен республикалық кеңесте ҚР үкімет басшысының орынбасары әрі ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов мәлімдеді.

Елімізде мемлекеттік қолдау шараларының негізгі бөлігін "жасыл қалта" шаралары құрайды. Бұл шаралар ауылшаруашылығы өнімін өндіруге тікелей дотация бөлуді емес, ауылшаруашылығы саласындағы өндірісті дамытуға мейлінше қолайлы жағдайлар жасауға бағытталады,- деді А.Есімов. Министрдің айтуынша, ауылшарашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдау шарасына бір гектар егістік алқабына шаққанда 12,6 доллар қарастырылған. "Бұл көрсеткіш бірақ мемлекеттік дотация мен бюджеттен бөлінетін несиелік желілерге қамтылмайды",- деді А.Есімов. "Бұл , әрине, әлемнің дамыған елдеріндегі көрсеткіштен төмен. Дегенмен, бұл көрсеткіш бойынша біз ТМД көлемінде алдыңғы орындамыз",- деді ауылшаруашылығы министрі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін