Қазақстанның Бас прокуратурасы ішкі істер қызметкерлерінің есірткі бизнесіне қатысу деректерін анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Бас прокуратурасы ішкі істер қызметкерлерінің есірткі бизнесіне қатысу деректерін анықтады

Қазақстанның Бас прокуратурасы ішкі істер қызметкерлерінің есірткі бизнесіне қатысу деректерін анықтады

Астана. 28-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Бас прокуратурасы ішкі істер қызметкерлерінің есірткі бизнесіне қатысу деректерін анықтады. Бұл туралы жұма күні Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде бас прокурор Рашид Түсіпбеков мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 28 Қаңтар 2008
  • 410
Фото - Caravan.kz

«Құқық қорғау органдарының кейбір қызметкерлері есірткі бизнесінің дамуына өздері себепші болады»,- деп мәлім етті бас прокурор. Оның айтуынша, өткен жылы есірткі бизнесіне қатысы болғандығы үшін ішкі істер органдарының 27 қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Жалпы Бас прокуратурадағылар «елімізде нашақорлық пен есірткі бизнесінің күннен күнге етек алып бара жатқандығын» атап өтті. «Есірткіге қарсы қолданылып жатқан іс-шаралардың тиімділігі аз. Есірткі контрабандасының көлемі жыл санап өсіп бара жатыр»,- деді Р. Түсіпбеков.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылы құқық қорғау органдары 23 тоннадан астам есірткі, соның ішінде 521 кг героин, 335 кг апиын тәркіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті