«Арнайы құрылған орган — Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігі бірнеше жылдар бойы енжарлық танытып және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы өз деңгейінде әрекет етпей отыр», — деді Р. Түсіпбеков.
«Агенттік жұмысының көрсеткіштері негізінен тек қызметтік жалған құжат, өкілеттігін асыра пайдалану секілді қылмыстардан құралады. Ал сыбайлас жемқорлық қылмыстарының ішіндегі қауіпті түрлері пара алу мен ұрлық 13-16 %-дан аспайды», — деп атап көрсетті ол.
«Қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңдастыру, экономикалық контрабанда, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу секілді қылмыстар тіпті бұл органның назарынан тас қалған. Олар бойынша бар болғаны 2-3 дерек анықталған», — деп толықтырды бас прокурор.
«Соттардың жазалау тәжірибесі де сыбайлас жемқорлықпен күресті табысты қылмай отыр. Жауапқа тартылғандардың тек 25% ғана шын мәнінде бас бостандықтарынан айырылған», — деді Р. Түсіпбеков.
Сонымен бірге, оның айтуынша, «құқық қорғау және сот органдарының қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстары жылдан жылға өсіп келе жатыр». Бас прокуратураның мәліметтеріне сүйенсек, тек 2007 жылы ғана олар 459 сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыс жасаған. «Оның ішінде ішкі істер органдарының қызметкерлері — 191, әділет — 134, кеден — 42, қаржы полициясы — 18, ҰҚК — 8, прокуратура — 3, сот орындаушылары — 34, соттар — 29 қылмыс жасаған», — деп толықтырды бас прокурор.
Сонымен қатар ол «2007 жылғы статистикалық мәліметтер 2005 жылмен салыстырғанда тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстарының 1771-ге дейін немесе 1,7% азайғанын көрсетіп отыр».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті