Жарияланды: 210

Қазақстанның бірнеше өңірінде COVID-19 науқастары көбейді – Бас санитарлық дәрігер

Қазақстанның бірнеше өңірінде COVID-19 науқастары көбейді – Бас санитарлық дәрігер

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов елдегі эпиемиологиялық жағдайды баяндады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан Республикасында 13 қаңтардағы жағдай бойынша COVID-19-бен ауырған 164 477 науқас (COVID+) және 46 499 науқас (COVID-) тіркелді. Науқастардың 87 пайызы сауығып шықты, оның ішінде 150 427 COVID+ және 34 118 COVID-19 науқас бар. 13 қаңтардағы жағдай бойынша, ауруханаларда 5732 науқас, ал реанимацияда – 357 науқас жатыр», - бас мемлекеттік санитар Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, соңғы айда коронавирус инфекциясы бойынша эпиджағдайжың нашарлауы байқалып отыр. ҚР «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа ауысты. Сары аймақтан «қызыл» аймаққа екі облыс – Қостанай және Ақмола облыстары ауыстырылды.

Қазіргі таңда «сары» аймақта – Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары, СҚО, Павлодар, Атырау облыстары бар. Сондай-ақ, қаңтар айында Батыс Қазақстан облысы «жасыл» аймақтан сары аймаққа көшірілді. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.

«Соңғы айда Атырау облысында науқастардың 3,7 есеге өсуі байқалады. Алматы обылсында – 1,8 есеге, Қарағанды облысы мен Алматы қаласында – 1,5 есеге өскен.

Маңғыстау облысында – науқастар саны 81-ден 315 жағдайға дейін, Түркістан облысында – 102-ден 256 жағдайға дейін, Шымкент қаласында 150-ден 195 жағдайға дейін, Қызылорда облысында 48-ден 135 жағдайға дейін өсу байқалады. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай ескере отырып, бүгінгі күні халықтың көп жиналуын азайтуға бағытталған карантиндік шараларды күшейту қарастырылды», - деді Ерлан Қиясов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін