Қазақстанның бірқатар қалаларының жылу беру маусымына дайындығы нашар - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның бірқатар қалаларының жылу беру маусымына дайындығы нашар

Қазақстанның бірқатар қалаларының жылу беру маусымына дайындығы нашар

Қазақстанның көпшілік аймақтарының энеркетикалық кәсіпорындары жылу беру маусымына дайын, алайда бірқатар қалалардың дайындығы нашар.
           «Энергетикалық кәсіпорындардың дайындық бойынша белгілеген шараларының басым бөлігі орындалды. Дегенмен жылу беу маусымында кері әсерін тигізетін бірқатар түйткіл мәселелер бар», - деп Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев бүгін үкімет отырысында атап көрсетті.
           «Белгіленген кестеге сәйкес, қазіргі уақытта бес энергоблокта немесе жылдық мөлшердің 50%-ы, 36 қазандықта (63%), 32 турбинада (66%). жөндеу жұмыстары аяқталған. 4 энергия блок, 20 қазандық, 15 турбина бойынша жөндеу жұмыстары түрлі сатыда жүруде.
           Жалпы жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде, дегенмен бірқатар қуат көздері кестеден қалып қойған, олар Соғры ЖЭО, Риддер қаласының ЖЭО, «Қазатомпромның» МАЭК ЖЭО-1, Астананың ЖЭО-1", - дейді ол.
           Сонымен қатар, Екібастұз ЖЭО, Алматыдағы «Алыс» АҚ батыс жылу кешенінде жұмыстар кестеге ілесе алмауда. Рудный ЖЭО 2 және 3 турбиналары мен Арқалық ЖЭО-1 бойынша белгіленген күрделі жөндеулердің тек ағымдық жұмыстары ғана аяқталған, деп Б.Жақсалиев кейістік білдірді.
           Ол отын ресурстарын жинау жұмысын жеделдету қажеттігін айтты.
           "24 қыркүйекте отын қоймаларына 4,4 млн тонна көмір түсірілді, бұл былтырғыдан 15%-ға кем. Қазіргі кезде отын жинауды жеделдету қажет», - дейді ол.

  • 24 Қыркүйек 2013
  • 349
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның көпшілік аймақтарының энеркетикалық кәсіпорындары жылу беру маусымына дайын, алайда бірқатар қалалардың дайындығы нашар.


           «Энергетикалық кәсіпорындардың дайындық бойынша белгілеген шараларының басым бөлігі орындалды. Дегенмен жылу беу маусымында кері әсерін тигізетін бірқатар түйткіл мәселелер бар», — деп Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев бүгін үкімет отырысында атап көрсетті.
           «Белгіленген кестеге сәйкес, қазіргі уақытта бес энергоблокта немесе жылдық мөлшердің 50%-ы, 36 қазандықта (63%), 32 турбинада (66%). жөндеу жұмыстары аяқталған. 4 энергия блок, 20 қазандық, 15 турбина бойынша жөндеу жұмыстары түрлі сатыда жүруде.
           Жалпы жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде, дегенмен бірқатар қуат көздері кестеден қалып қойған, олар Соғры ЖЭО, Риддер қаласының ЖЭО, «Қазатомпромның» МАЭК ЖЭО-1, Астананың ЖЭО-1", — дейді ол.
           Сонымен қатар, Екібастұз ЖЭО, Алматыдағы «Алыс» АҚ батыс жылу кешенінде жұмыстар кестеге ілесе алмауда. Рудный ЖЭО 2 және 3 турбиналары мен Арқалық ЖЭО-1 бойынша белгіленген күрделі жөндеулердің тек ағымдық жұмыстары ғана аяқталған, деп Б.Жақсалиев кейістік білдірді.
           Ол отын ресурстарын жинау жұмысын жеделдету қажеттігін айтты.
           "24 қыркүйекте отын қоймаларына 4,4 млн тонна көмір түсірілді, бұл былтырғыдан 15%-ға кем. Қазіргі кезде отын жинауды жеделдету қажет», — дейді ол.