Қазақстанның дүниежүзілік саяхатшылары Багам аралдарында аялдауға мәжбүр
Қазақстанның дүниежүзілік авто-мотоэкспедициясы мүшелері Сэнди дауылына байланысты Багам аралдарында аялдауға мәжбүр болып отыр. |
Экспедиция жетекшісі Дмитрий Петрухиннің айтуынша, бастапқыда саяхатшылар Кубадан Гаитиге жетпек болған. Бірақ алапат дауыл салдарынан олар Нассау аралынан шыға алмай қалды. Себебі бұл маңайда автокөлік, әуе қатынасы мен теңіздегі кеме қатынасы толық тоқтатылды.
«Дауыл кеше кешке қарай күшейді. Дауылдың таяп қалғанын естіген тұрғындар оны қарсы алуға дайындала бастады. Түстен кейін көшеден жан баласын кездестіре алмадық», - дейді Д.Петрухин.
Оның айтуынша, алып толқындар жағалаудағы мейрамханалар мен қонақ үйлерді жермен-жексен еткен.
Қазір арал біраз тыншығандай болғанымен әлі де жел мен жауын-шашын басылған жоқ.
Ал, қазақстандық саяхатшылар жуық арада жолға шығуды жоспарлап отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін