Қазақстанның экономикасын ұстап тұрған 10 компания - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның экономикасын ұстап тұрған 10 компания

Қазақстанның экономикасын ұстап тұрған 10 компания

“Талап” қолданбалы зерттеу институты төрағасы Рақым Ошақбаевпың айтуынша, биылғы жылдың бірінші маусымында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 3,4 пайызға өсті. 

  • 31 Мамыр 2017
  • 535
Фото - Caravan.kz

Ертеректе Ұлттық экономика министрлігі сыртқы жағымсыз факторлардың толықтай аяқталғанын айтқан еді. Былтыр экономиканың өсімін негізінен құрылыс саласы құтқарып қалды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мен машина құрастыру саласы да жанама әсер етті.

Бір айта кетерлігі ЖІӨ-нің 60 пайызын тек үш сала ғана құрап отыр: өндіріс, өңдеу және сауда.

Өндіріс саласын тек Атырау облысы ғана ұстап тұр. Ондағы ТШО мен NCOC (Қашаған) өндірістің негізгі орны. Сонымен қатар, KAZ Minerals-дың Бозшакөл мен Ақтоғай (мыс рудалары) саланы қосымша алға сүйреді.

Өңдеу өнеркәсібіне келер болсақ, әртараптандыру жұмыстарының басталғанына қарамастан, бұрынғыдай дәстүрлі түсті және қара металлургия мен мұнай өңдеу секторы. Соның ішінде түсті металлургияда ERG және “Қазақмыс” компаниялары, қара металлургияда “Қазфром” мен “Арселормиттал Теміртау”, ал мұнай өңдеуде Атырау МӨЗ-і мен Павлодар МӨЗ-і.


Ал сауда саласының ел эконмоикасына салған үлесі ЖІӨ-нің 12 пайызын құрайды.

Соңғы жаңалықтар