Қазақстанның экспорттық-несиелік рейтингі көтерілуі мүмкін -ҚР президенті
"Қазақстан экономикасының соңғы жылдарда жоғары қарқынмен өсуі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының жүйесі бойынша еліміздің экспорттық-несиелік рейтингін көтеруден үміттенуге мүмкіндік береді ". Бүгін, 21-қазанда елімізде аккредитацияланған елшілік миссиялардың басшыларымен жыл сайынғы кездесуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді. |
Мемлекет басшысы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының 2004-жылдың басында Парижде өтетін жыл сайынғы жиналысында республиканы алтыншы рейтингтік деңгейден бесінші деңгейге көтеру жөніндегі Қазақстанның өтініші қанағаттандырылады дегенге үміт білдірді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін