Қазақстанның екі облысында жол қозғалысына шектеу қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның екі облысында жол қозғалысына шектеу қойылды

Қазақстанның екі облысында жол қозғалысына шектеу қойылды

Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында «Екатеринбург-Алматы» тас жолына шектеу қойылды, деп хабарлады «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен.

  • 10 Сәуiр 2014
  • 282
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның солтүстігінде соңғы бірнеше күндері ауа температурасы күрт көтеріліп кетті. Қардың қарқынды түрде еруі тас жол арқылы ағын судың келуіне әкеп соқты.

Қазіргі уақытта «Екатеринбург-Алматы» республикалық тас жолының екі учаскесі жабылды. Севастополь кентінен Солтүстік Қазақстан облысының (719-729 шақырым) шекарасына дейін, Қостанай облысы шекарасынан Тоқсанби ауылына дейін (729-768 шақырым) шектеу қойылды.

ККМ Ситуациялық орталығының деректері бойынша аталған учаскеде су басып кеткен жолдың жалпы ұзындығы  300 метрге жуық.


Қазір ТЖ орнында «Қазавтожол» РМК-ның 6 техникасы және аудандық құтқару қызметінің 17 техникасы жұмыс істеуде.