«29 — 30 қарашада Мадридте ЕҚЫҰ қатысушы елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті 15 отырысы өтеді. Оның жұмысына ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжин бастап баратын Қазақстан делегациясы қатысады», — деп хабарлады Е. Ашықбаев.
Ол атап өткеніндей,»басқа мәселелер арасында Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық ету мәселесі талқыланады». «ЕҚЫҰ барлық шешімдер бірауыздан қабылданады. Оған қол жеткізу үшін 56 қатысушы -мемлекеттің келісімін алу керек», — деді СІМ өкілі.
Е. Ашықбаевтың айтуынша, жалпы отырыста ЕҚЫҰ аймақтарындағы жағдайға байланысты біраз меселелер талқыланады.
Жоспар бойынша «ЕҚЫҰ қызметкерлеріне берілетін артықшылық пен иммунитеті, қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша стратегиясы, ЕҚЫҰ-ның терроризмге қарсы күреске қосқан үлесі, адам саудасына қарсы тұру мен интернетте балалар порнографиясына қарсы күрес, сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайды реттеу мәселесінде ЕҚЫҰ-ның қатысу ауқымын кеңейтуге байланысты бірқатар құжаттар мен шешімдер қабылданады», — деп ойын қорытындылады Е. Ашықбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті