Басылым мәліметтері бойынша, Қазақстанның бас консулы темекі контрабандасына күдіктеліп ұсталған. Жедел қызмет қызметкерлері оны ұстау жөніндегі операцияны жүргізбестен бұрын А.Алпысбаевты бірнеше апта бойы бақылаған.
Сот бас консулды тұтқындауға санкция берді. Өзінің мәртебесіне қарамастан А.Алпысбаевтың дипломатиялық иммунитеті жоқ, деп хабарлады басылым.
Қазақстан министрлігі А.Алпысбаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты қуаттады. Онда тәртіптік шаралар туралы барлық шешімдер тергеу жүргізілгеннен кейін қабылданатыны атап өтілген.
Қазақстандық СІМ Қазақстан мен Германия қылмыс және осы сияқты контрабандамен күрес саласында да бірлесіп ынтымақтасатынын атап көрсетті.