Қазақстанның Ирандағы елшісі қызметтен босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Ирандағы елшісі қызметтен босатылды

Қазақстанның Ирандағы елшісі қызметтен босатылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының Ирандағы төтенше және өкілетті елшісі Төлеген Жүкеев қызметтен босатылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 25 Желтоқсан 2003
  • 475
Фото - Caravan.kz

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, Т.Жүкеев «басқа жұмысқа ауысуына байланысты» қызметтен босатылды деп көрсетілген. Алайда, елшінің бұдан былай қандай жұмысқа баратыны туралы ақпарат жоқ.

Т.Жүкеев 54 жаста, ол Әзербайжан мұнай және химия институтын бітірген. Маңғыстау облысының мұнай және өнеркәсіп орындарында жұмыс істеді. 1992-жылдан бастап ҚР мемлекеттік кеңесшісі қызметін атқарды. 90-жылдардың орта шенінен Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары, үкімет басшысының орынбасары, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды. 1995-жылдан бастап Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігін, 2000-жылдан бастап Ирандағы елшілігін басқарды.
Қазақстанның демократиялық партиясының тең төрағасы, 2003-жылдың қараша айынан бері «Ақжол» партиясының мүшесі.

Соңғы жаңалықтар