Жарияланды: 470

Қазақстанның халықаралық резервтері мамыр айында 1,5%-ға өсіп, $74,1 млрд – қа жетті

2011 жылғы мамырда елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (алдын ала деректер бойынша 38,1 млрд. АҚШ долл.) қоса алғанда 1,5%-ға өсіп, 74,1 млрд. АҚШ долл. құрады (жыл басынан бастап 25,9%-ға өсті), деп хабарлады ҚР Ұлттық банк баспасөз қызметінен.

2011 жылғы мамырда Ұлттық Банктің халықаралық резервтері төмендеді. Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 36,0 млрд. АҚШ долл. дейін 2,6%-ға төмендеді (жылдың басынан бастап – 27,3%-ға өсті), - делінген ақпараттық баянда. Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 2,7%-ға төмендеп, 35,5 млрд. АҚШ долл. құрады (жылдың басынан бастап – 27,9%-ға өсті). Ақша базасы 2011 жылғы мамырда 2,2%-ға тарылды жəне 2842,5 млрд. теңге болды (жылдың басынан бастап 10,5%-ға кеңейді). Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 2307,6 млрд. теңгеге дейін 1,8% тарылды. 2011 жылғы сəуірде ақша массасы банк жүйесінің таза сыртқы активтерінің өсуі есебінен 9016,1 млрд. теңгеге дейін 1,0% өсті (жыл басынан бері – 5,5% өсті). 2011 жылғы сəуірде айналыстағы қолма-қол ақша көлемі 2,5% өсіп, 1124,8 млрд. теңге болды (жыл басынан бері – 2,1% төмендеді), банк жүйесіндегі депозиттер 7891,3 млрд. теңгеге дейін 0,8% өсті (жыл басынан бері – 6,7% өсті). Ақша массасы құрылымындағы депозиттердің үлесі айналыстағы қолма-қол ақшаның өсу қарқынымен салыстырғанда депозиттердің өсу қарқынының алда болуы салдарынан 2011 жылғы наурыздағы 87,7%-дан 2011 жылғы сəуірдегі 7,5%-ға дейін төмендеді. Ақша мультипликаторы 2011 жылғы наурыздағы 3,18-ден 2011 жылғы сəуірдің орытындысы бойынша 3,10-ге дейін төмендеді, бұған ақша массасының өсу қарқынымен салыстырғанда ақша базасы кеңеюінің неғұрлым жоғары қарқыны себепші болды, делінген ҚР Ұлттық банк баспасөз қызметі таратқан хабарда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін