Қазақстанның халықаралық резервтері мамыр айында 1,5%-ға өсіп, $74,1 млрд – қа жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның халықаралық резервтері мамыр айында 1,5%-ға өсіп, $74,1 млрд – қа жетті

Қазақстанның халықаралық резервтері мамыр айында 1,5%-ға өсіп, $74,1 млрд – қа жетті

2011 жылғы мамырда елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (алдын ала деректер бойынша 38,1 млрд. АҚШ долл.) қоса алғанда 1,5%-ға өсіп, 74,1 млрд. АҚШ долл. құрады (жыл басынан бастап 25,9%-ға өсті), деп хабарлады ҚР Ұлттық банк баспасөз қызметінен.

  • 16 Маусым 2011
  • 457
Фото - Caravan.kz

2011 жылғы мамырда Ұлттық Банктің халықаралық резервтері төмендеді. Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 36,0 млрд. АҚШ долл. дейін 2,6%-ға төмендеді (жылдың басынан бастап – 27,3%-ға өсті), — делінген ақпараттық баянда.

Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 2,7%-ға төмендеп, 35,5 млрд. АҚШ долл. құрады (жылдың басынан бастап – 27,9%-ға өсті).

Ақша базасы 2011 жылғы мамырда 2,2%-ға тарылды жəне 2842,5 млрд. теңге болды (жылдың басынан бастап 10,5%-ға кеңейді). Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 2307,6 млрд. теңгеге дейін 1,8% тарылды.

2011 жылғы сəуірде ақша массасы банк жүйесінің таза сыртқы активтерінің өсуі есебінен 9016,1 млрд. теңгеге дейін 1,0% өсті (жыл басынан бері – 5,5% өсті).

2011 жылғы сəуірде айналыстағы қолма-қол ақша көлемі 2,5% өсіп, 1124,8 млрд. теңге болды (жыл басынан бері – 2,1% төмендеді), банк жүйесіндегі депозиттер 7891,3 млрд. теңгеге дейін 0,8% өсті (жыл басынан бері – 6,7% өсті). Ақша массасы құрылымындағы депозиттердің үлесі айналыстағы қолма-қол ақшаның өсу қарқынымен салыстырғанда депозиттердің өсу қарқынының алда болуы салдарынан 2011 жылғы наурыздағы 87,7%-дан 2011 жылғы сəуірдегі 7,5%-ға дейін төмендеді.

Ақша мультипликаторы 2011 жылғы наурыздағы 3,18-ден 2011 жылғы сəуірдің орытындысы бойынша 3,10-ге дейін төмендеді, бұған ақша массасының өсу қарқынымен салыстырғанда ақша базасы кеңеюінің неғұрлым жоғары қарқыны себепші болды, делінген ҚР Ұлттық банк баспасөз қызметі таратқан хабарда.

Соңғы жаңалықтар