Қазақстанның халықаралық резервтері шілдеде 3,7 % өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның халықаралық резервтері шілдеде 3,7 % өсті

Қазақстанның халықаралық резервтері шілдеде 3,7 % өсті

АЛМАТЫ. 3-тамыз. Kazakhstan Today. Елдің халықаралық резервтері (ағымдағы бағалармен) Ұлттық қордың ақшасын (алдын ала деректер бойынша 18 084,9 млн. долл.) қоса есептегенде тұтастай алғанда 3,7 % өсіп, 41 493,4 млн. доллар болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 3 Тамыз 2007
  • 467
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2007 жылғы шілдеде Ұлттық банктің халықаралық резервтері ұлғайды.

Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағалармен 4,6 % (немесе 1025,5 млн. долл.) өсті.

Ішкі валюта нарығында валюта сату және Қаржыминінің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялар жүргізу үкіметтің шоттарына валюталардың түсуімен және екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың ұлғаюымен бейтараптандырылды, бұл таза валюта қорларының (ЕАВ) 1 037,9 млн. долларға өсуіне алып келді. Жүргізілген операциялар нәтижесінде алтындағы активтер оның әлемдік нарықтағы бағасының 2,81 % өсуіне қарамастан 12,4 млн. долларға төмендеді.

Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері тұрақты бағалармен 4,4 %, ЕАВ-ғы таза активтер 5,0 %, алтындағы активтер 3,6 % төмендеді.

2007 жылғы шілдеде Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің өсуі ақша базасының 1,8 % (немесе 29,7 млрд. теңгеге) ұлғаюына себепші болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті