Қазақстанның мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығын Азамат Ойназаров басқарады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығын Азамат Ойназаров басқарады

Қазақстанның мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығын Азамат Ойназаров басқарады

«Қазақстан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы болып Азамат Ойназаров тағайындалды.

  • 9 Қаңтар 2014
  • 353
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

А.Ойнаров әр жылдары Экономика және сауда министрлігінің экономикалық жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары, экономикалық жоспарлау агенттігі төрағасының орынбасары, премьер-министр кеңсесінің бөлім меңгерушісі, табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары болып қызметтер атқарды.

2003 пен 2006 жылдар аралығында қаржы вице министрі, 2007 жылы экономика және қаржы жөніндегі қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.


2010 жылдан бастап А.Ойназаров "ТАСК Холдинг" ЖШС-де қаржы директоры, содан кейін директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі болды.