"Алмалы аудандық соты Қырғызстан мен Қазақстан азаматтарын Қамауда ұстауды 16 мамырға дейін созды", — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
35 күдіктіні Қазақстанның күш құрылымдары 15-16 ақпанда ұстаған.
Алматының Алмалы аудандық соты 17 ақпанда күдіктілерді, солардың ішінде Қырғызстан депутаты Дамирбек Асылбек уулу мен Қырғызстанның тағы екі азаматын екі айға қамауға алуға шешім шығарған.
16 сәуірде Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы Асылбек уулуның депутаттық мантатын қос азаматтығы үшін алып қойды. Асылбек уулудың туыстары бұны жоққа шығарып отыр.
Оқи отырыңыз: