«Іздестіру жұмыстары одан әрі жалғасуда, оған жүздей адам тартылған», — деді қолбасшының орынбасары. «Кеше алты сүңгуір жұмыс істеді», — деді ол.
Э. Росляковтың айтуынша, қайғылы оқиға болған Келес өзенінің түбінде иірімдер мен жыралар көп. «Бірақ біз іздестіруді одан әрі жалғастыра беретін боламыз», — деп сендірді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 31 тамызда қазақ-өзбек шекарасында өзенмен контрабандалық жүк алып өтуге әрекет жасаған заң бұзушыларды ұстайтын сәтте қатардағы жауынгер Ерлан Ниязов ерлікпен қаза тапты.