«Оңтүстік және шығыс Қазақстанның өзендерінде экологиялық таза шағын су электр станцияларының каскадын салу қайта қалпына келетін қуат көздерін пайдаланудағы болашағы бар жобаның айқын дәлелі бола алады», — деді министр.
Қоршаған ортаны қорғау министрінің айтуынша, министрліктің қатысуымен жасалған пилоттық жоба қазіргі уақытта оңтүстік-шығыс өңірлерде жалпы қуаты 69-дан 81 МВт/сағатқа дейін жететін экологиялық таза 12 немесе 14 шағын су электр станцияларын салуды қарастырады. Ал бұған жұмсалатын инвестицияның жалпы көлемі 190 млн — 220 млн арасында болады. Оның қайтарымдылық мерзімі 17-ден 19 жылға дейінгі мерзімді құрамақ, деп сөзін толықтырды Н. Ысқақов. Ол қазіргі уақытта жобаның үкімет талқылауына жіберілгенін атап өтті.
«Шағын су электр станциялары біздің экономикамыздың энергетикалық тиімділігін арттыратын бағыттардың ішінде маңыздыларының бірі болып саналады. Себебі, ұлан-ғайыр аумаққа таымалданатын энергияның тасымал шығынын азайтады және атмосфераға газдар мен өзге де улы заттарды шығармауға мүмкіндік береді», — деп атап көрсетті табиғат қорғау ведомствосының басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті