Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы маңызы зор - Ұлыбритания СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.62
  • 513.22
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы маңызы зор - Ұлыбритания СІМ

Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы маңызы зор - Ұлыбритания СІМ

"Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы маңызы зор". Бұл туралы бүгін, 5-ақпанда Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында Ұлыбритания сыртқы істер министрі Джек Стро мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 5 Ақпан 2004
  • 479
Фото - Caravan.kz

Д.Строның айтуынша, «Ұлыбритания Қазақстанға айрықша маңыз береді. Тек Ұлыбритания үкіметі ғана емес, сондай-ақ, екі ел халқы да Ұлыбритания мен Қазақстан арасында экономика, мәдениет және білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды қалайтынын бұл сапар айқын меңзейді».

Ұлыбритания сыртқы істер министрі өзінің Ұлыбритания біріккен корольдығы мен Солтүстік Ирландия елшілігінің Астанадағы өкілдігінің ашылу салтанатына қатысқанын хабарлады. Бұған дейін Атырауда осы елдің сауда-инвестициялық өкілдігі ашылған болатын. Д.Строның атап көрсетуінше, «бұл шаралардың барлығы Ұлыбританияның Қазақстанға деген төтенше қызығушылығын білдірсе керек. Бүгін өкілдіктің ашылуына қатысқан Ұлыбританиялық іскерлік өкілдері Қазақстандағы экономикалық орта айрықша қолайлы деп атап көрсетті».
Кездесу барысында Н.Назарбаев пен Д.Стро Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы достық байланысты дамыту, Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы ролі тәрізді мәселелерді талқылады.