Қазақстанның премьер-министрі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның премьер-министрі болды

Қазақстанның премьер-министрі болды

Асқар Мамин 2019 жылдың ақпанында премьер-министр болып тағайындалған болатын. Мамин үкіметі парламент сайлауынан кейін отставкаға кетті.

  • 15 Қаңтар 2021
  • 31
Фото - Caravan.kz

Асқар Мамин Қазақстанның премьер-министрі болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Маминге парламент мәжілісінің жалпы отырысына қатысқан 99 депутаттың 78-сі қолдап дауыс берді, 21 адам қалыс қалды.

Айта кетейік, жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр лауазымына Асқар Маминді ұсынды. Мәжіліс отырысында президент үкіметтің пандемия кезінде дағдарысқа қарсы шараларды дер кезінде қабылдағанын айтты.

"Қазір еліміз күрделі кезеңді бастан өткеруде. Бүкіл әлем соңғы жылдарда ешкім күтпеген дағдарысқа тап болды. Оның салдары Қазақстанға да әсерін тигізді. Біз Тәуелсіздік жылдары әлеуметтік-экономикалық әлеуетімізді арттырып, қиындықтарды еңсеру үшін мол қор жинадық. Соның арқасында үкімет дағдарысқа қарсы шараларды дер кезінде қабылдады. Олар бұрын-соңды болмаған ауқымда жүзеге асырылды", — деді мемлекет басшысы мәжіліс отырысында.

Қазақстанда 10 қаңтарда мәжіліс депутаттарын сайлау өтті. Парламентке үш партия келді:


Nur Otan партиясы (71,09%)

"Ақ жол"Қазақстанның демократиялық партиясы (10,95%)

Қазақстан халық партиясы (9,10%).

Үкіметтің отставкаға кетуі

Конституциялық заңға сәйкес, мәжіліс құрамы қайта сайланғаннан кейін үкімет өз өкілетін тоқтатады. Осыған байланысты Мамин үкіметі парламент сайлауынан кейін отставкаға кеткен. Енді Асқар Мамин премьер-министр қызметіне қайта сайланып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар