Қазақстанның премьер-министрі ТМД бақылаушылар миссиясы алдағы сайлауға оң баға береді деген сенімде - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның премьер-министрі ТМД бақылаушылар миссиясы алдағы сайлауға оң баға береді  деген сенімде

Қазақстанның премьер-министрі ТМД бақылаушылар миссиясы алдағы сайлауға оң баға береді деген сенімде

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 17 - тамыз. АСТАНА. Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов ТМД бақылаушылар миссиясы республикамызда 18-тамызда өтетін сайлауға оң баға береді деген сенімде, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

  • 17 Тамыз 2007
  • 418
Фото - Caravan.kz

ТМД бақылаушылар миссиясы өздерін «Достастық елдерінде болып жатқан сайлау процестеріне ақиқат, объективті және әділ баға беретін ұйым ретінде» көрсетіп отыр, деді Кәрім Мәсімов жұмада миссия басшысы Владимир Рушайломен кездесуінде. Үкімет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, премьер-министр «ТМД бақылаушылар миссиясы Қазақстандағы алдағы сайлауда да осы бағытта жұмыс істейтіндігіне сенімді екенін жеткізді».

В. Рушайло өз тарапынан республикадағы сайлауды бақылау үшін барлық жағдайлар жасалғанын атап өтті. «Біздің бақылаушылар Қазақстанда өз жұмыстарын бір айдан астам уақыт бұрын бастаған және де сайлауға дайындық барысы туралы толық мағлұматқа ие болды»,- деді ол. Ол, сондай-ақ «сайлау процессін бақылау үшін құқықтық және техникалық жағдайлар бар», деп атап өтті.

Қазақстанға парламент мәжілісінің депутаттары мен мәслихат депутаттарын сайлау барысын бақылауға ТМД байқаушылар миссиясынан 448 сарапшы келген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті