Қазақстанның Қоршаған ортаны қорғау министрлігі халықтың ауыз суға қол жеткізуі жөніндегі БҰҰ конвенциясының жобасын әзірлеуде - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Қоршаған ортаны қорғау министрлігі халықтың ауыз суға қол жеткізуі жөніндегі БҰҰ конвенциясының жобасын әзірлеуде

Қазақстанның Қоршаған ортаны қорғау министрлігі халықтың ауыз суға қол жеткізуі жөніндегі БҰҰ конвенциясының жобасын әзірлеуде

Астана. 28-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Қоршаған ортаны қорғау министрлігі халықтың ауыз суға қол жеткізуі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы конвенциясының жобасын әзірлеуде. Бұл туралы бүгін, "Қазақстан Республикасының халқын сапалы ауыз суымен қамтамасыз етудің тиімділігін көтеру жолдары: проблемалар, шешу жолдары, келешегі" атты "дөңгелек үстел" барысында қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 28 Қараша 2007
  • 508
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі уақытта министрлік халықаралық консультанттарды тарта отырып, халықтың ауыз суға қол жеткізуі жөніндегі конвенция жобасын әзірлеуде»,- деді Н. Ысқақов.

Ол сондай-ақ, Қазақстан өкілдері «Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму жөніндегі 12-ші комиссиясында халықтың ауыз суға қол жеткізуі жөніндегі БҰҰ жаңа конвенциясын әзірлеп, қабылдау туралы бастама көтергендігін» еске сала кетті.

Қоршаған ортаны қорғау министрі сондай-ақ, су ресурстарының мәселелері алдағы 2010 жылы Астанада өтетін Азия және Тынық мұхиты аймағының елдерінің министрлерінің кездесуінде басты тақырыпқа айналады деп санайды.

«2010 жылы Азия және Тынық мұхиты аймағы елдерінің министрлері жиналады. Менің пайымдауымша, басты мәселелердің бірі ретінде су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі талқыланады»,- деді Н. Ысқақов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті