Мекеменің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, М. Рахымбергенов 1969 жылдың 7-қаңтарында Көкшетау облысының Көкшетау ауданының Раздольное аулында дүниеге келген. Көкшетау ауылшарушалық институты мен Қарағанды заң институтын бітірген.
1992 — 1994 жылдары Көкшетау облысының Бұлғақ совхозында инженер-жабдықтаушы, Көкшетау облысында Кусепск совхозының техникалық қауіпсіздігі жөніндегі инженер болып жұмыс істеген. 1994 — 1999 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.
1999 — 2000 жылдары Ақмола облысының пошта байланыстар жөніндегі республикалық-мемлекеттік кәсіпорын басқармасының қаржы қызметі бөлімін басқарған. 2000 — 2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақмола облысы басқармасының бас маманы.
2003 — 2006 жылдары Астана қаласының мемлекеттік бас инспекторы, 2006 жылдың сәуірінен бастап — Астана қаласының аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы лауазымдарын атқарған.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Әйелі және үш баласы бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті