Қазақстанның солтүстігінде, батысында және орталығында боран салдарынан жол қозғалысы тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның солтүстігінде, батысында және орталығында боран салдарынан жол қозғалысы тоқтатылды

Қазақстанның солтүстігінде, батысында және орталығында боран салдарынан жол қозғалысы тоқтатылды

Боран салдарынан Астана мен жеті облыста жолдар жабылып қалды, деп хабарлады республиканың ТЖМ.

  • 20 Қаңтар 2014
  • 388
Фото - Caravan.kz

Мәселен,Ақтөбе облысында Ақтөбе–Астрахань (92-330 шақырым); Самара–Шымкент (753-1240 шақырым); Самара-Шымкент (710-526 шақырым); Қарабұтақ (0-231 шақырым); Ақтөбе-Орск (21-135 шақырым); Солтүстік айналым (0-39 шақырым); Қандыағаш–Ембі–Шалқар-Ырғыз (0-401 шақырым) жолдары жабылған, делінген ведомствоның ақпаратында.

Ал Ақмола облысында боран салдарынан жол нашар көрінгендіктен Жақсы–Есіл–Бұзулық (0-82 шақырым); Астана–Щучинск (18-231 шақырым); Астана–Ерейментау (16-169 шақырым); Екатеринбор-Алматы (1280-1353 шақырым); Астана-Қорғалжың (18-169 шақырым); Көкшетау–Атбасар (0-184 шақырым) жолдары жабық.

Қостанай облысында бүкіл аумақ бойынша Қарабұтақ-Қостанай (549-509 шақырым) мен Қостанай-Челябі (544-374 шақырым) учаскілерінен басқа жолдар түгел жабық.


Қарағанды облысында Қарағанды–Астана жолы жабық.

Павлодар облысында Шідерті-Астана жолы.

Солтүстік Қазақстан облысында Мамлютка-Қостанай жолымен көліктерге жүруге тыйым салынған.

Астанада қаладан бүкіл бағыттар бойынша жолдар жабылған.

Алматы облысында 18-қаңтардан бастап Үшарал-Достық трассасы жабық.