Жарияланды: 40

Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев осы елдің  Аграрлық саясат пен азық-түлік министрі Роман Лещенкомен кездесті

Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев осы елдің  Аграрлық саясат пен азық-түлік министрі Роман Лещенкомен кездесті

Үстіміздегі жыжлдың 24 ақпанда Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның Аграрлық саясат пен азық-түлік министрі Роман Лещенкомен ауыл шаруашылық аясындағы өзара іс-қимылды тереңдету мәселелерін талқылады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлады.

Бұл бағыт қазақстандық-украиналық ынтымақтастықты дамытудың ең негізгі «драйверлерінің» бірі екендігі туралы баса айтылды. Қазақстанда ет және сүт мал шаруашылығы, майлы дақылдарды өңдеу, ауылшаруашылық машина жасау және тағы да бірқатар ірі бірлескен жобалар табысты жүзеге асырылуда. Қазақстандық инвесторлар өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру, оларды сақтау және өңдеу бойынша Украинадағы жобаларға инвестициялар құюда – әзірге бірнеше элеваторлар мен ұн тартатын диірмендер салынды.

Сонымен қатар, басқа да бірқатар ірі жоба пысықталуда. Олардың іске асырылуы өзара іс-қимылды жаңа сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік береді. Сұхбаттасушылар осы бағытта қосымша күш-жігер салуға және осы мақсатта бейінді министрлердің өзара сапарларын ұйымдастыруға, сондай-ақ іскерлік делегациялармен алмасуға келісті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін