Жарияланды: 100

Қазақстанның ұлттық валютасы құлдырап барады - Ресейлік БАҚ Қазақстан туралы не жазуда?

Қазақстанның ұлттық валютасы құлдырап барады - Ресейлік БАҚ Қазақстан туралы не жазуда? Сурет - Zakon.kz

Қазақстанның ұлттық валютасының құлдырауы, Қазақ елінде қайтыс болған Астрахандық актер және Барыс пен Сібір арасындағы ойын бола ма?

Caravan.kz медиа порталы әдеттегідей ресей басылымдарының өткен аптада Қазақстан туралы не жазғанына шолу жасап көрді.

Қазақстанның ұлттық валютасы құлдырады - Красная весна

Қазақстанда теңгенің долларға қатысты құнсыздануы тоғыз пайыздан асты, доллардың сату бағасы - 445,88 теңге. 16 наурыздағы бағам туралы ақпарат Қазақстанның Ұлттық банк сайтында хабарланған.

Доллардың бағамы 405-тен 445 теңгеге дейін көтерілді. Сарапшылардың пікірінше, теңгенің құлдырауына республикада төтенше жағдай жарияланғаны және теңгені «шынымен еркін жүзуге» жіберген Қазақстан Ұлттық Банкінің мәлімдемесі себеп болған.

Бұған дейін Sputnik агенттігі сарапшыларға Қазақстандағы айырбастау пункттеріндегі доллардың бағасы бір доллар үшін 429-440 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін деп айтқан.

Қазақстанда Астрахандық актер қайтыс болды - Ast-news.ru

18 жастағы астрахандық актер Данила Пулев 13-нен 14-ші наурызға қараған түні Қазақстандағы жол-көлік оқиғасында қайтыс болды.

Ол шоу-тайм концерті мен продюсерлік орталығындағы әріптестерімен бірге келе жатқан көлікте соқтығысқан. Апатқа ұшыраған өзге әртістер әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алған, бірақ аман қалды. Олар көрші республикада гастрольде болды.

Жол апатының алдында актер "В контакте" желісіндегі парақшасында суреттерін жариялаған.

"Сібір" қазақстандық "Барыспен" ойнайтынын растады - Матч ТВ

Новосибирск Сибирі Қазақстанның «Барысымен» Континенталды хоккей лигасының Шығыс конференциясының жартылай финалына қатысатындығын растады.

Дүйсенбіде сағат 16.30-да Сибир Нұр-Сұлтанға ұшады, онда 17 және 19 наурызда Шығыс конференциясының финалының алғашқы матчтары өтеді!

Достар, тек ресми дереккөздерді оқыңыздар. Ресми - бұл КХЛ және Сибирь ХК сайты.

«Барыс» — «Сибирь» сериясы әдеттегі кесте бойынша ойнайды.

«Барыс» өз үй матчтарын «Нұр-Сұлтанда», ал Новосібірдегі ойындар "Сибирь" ВКонтакте желісінде хабарланатын болады.

«Сибирьмен» болатын алғашқы матч Нұр-Сұлтанда 16 наурызда өтеді.  Бұған дейін «Барыс» Қазақстанда коронавирустың таралуына қарсы күрес шараларын күшейтуге байланысты көрерменсіз ойнайтынын айтқан. 

15 наурыздан бастап Қазақстан төтенше жағдай режиміне көшті.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін