Қазақстанның жаңа түсім жиналғанға дейін экспортқа шығаратын астық қоры 1,5-2 млн. тоннаны құрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның жаңа түсім жиналғанға дейін экспортқа шығаратын астық қоры 1,5-2 млн. тоннаны құрайды

Қазақстанның жаңа түсім жиналғанға дейін экспортқа шығаратын астық қоры 1,5-2 млн. тоннаны құрайды

Жаңа түсім жиналғанға дейін Қазақстан 1,5-2 млн. тонна астық экспорттай алады. Бұл туралы бүгін, 2-сәуірде Астанада өткен баспасөз мәслихатында "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ЖАҚ-ның вице-президенті Абай Бейсенбаев мәлімдеді.

  • 2 Сәуiр 2004
  • 642
Фото - Caravan.kz

А.Бейсенбаевтың бағалауынша, қазіргі таңда Қазақстанда «шамамен 5 млн. тонна астық бар, оның 1,2 млн. тоннасы жаңа түсімге дейінгі ішкі тұтынымға арналған. Ал 17 проценті ауыспалы қалдыққа саналады».

А.Бейсенбаевтың пайымдауынша, бүгінде Украина мен Ресейде астық тапшылығы қалыптасқандықтан «Қазақстаннан түсімді сыртқа шығарып әкету қаупі сақталып отыр». Дегенмен, оның айтуынша, «Қазастаннан астық шығаруға шын мәнінде тыйым салынған жоқ, ал астық экспорттау мөлшерінің азаюы маусымға байланысты болмақ».
Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы наурыз айында «экспортқа бірде-бір тонна астық шығарған жоқ, мұндай жағдай сәуір айында да сақталады».

Соңғы жаңалықтар