Жарияланды: 370

Қазақстанның Жапониядағы елшісі осы ел компанияларын Қазақстанмен арадағы сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейте түсуге шақырды

Қазақстан Республикасының Жапониядағы төтенше және өкілетті елшісі Болат Нұрғалиев экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Жапония-Қазақстан мемлекетаралық комитетінің мүшелерімен кездесті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жапониялық өкілдерді экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Жапония-Қазақстан мемлекетаралық комитетінің төрағасы, "Мицубиси корпорейшн" компаниясының аға корпоративті кеңесшісі Синроку Морохаси басқарады. Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық аясын кеңейту перспективасы сарапқа салынды. Қазақстандық елші екі жақтың экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комитеттерінің жұмысына жоғары баға берді. Олар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге үлкен үлес қосып отырғандығы айтылды. Елші сондай-ақ, Қазақстанның экономикалық табыстары мен елдегі инвестициялық ахуал туралы хабарлама жасады. Осыған байланысты елші Жапониялық компанияларды Қазақстанмен арадағы сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейте түсуге шақырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін