Қазақстанның жер қойнауын зерттеуге қаржының жетіспеуі кедергі болып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның жер қойнауын зерттеуге қаржының жетіспеуі кедергі болып отыр

Қазақстанның жер қойнауын зерттеуге қаржының жетіспеуі кедергі болып отыр

Қазақстанның қатты пайдалы қазбалар қорының 80 пайызы кеңес заманында зерттеліп, есепке алынды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин атап өтті.

  • 17 Қыркүйек 2013
  • 335
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның бәсекеге анағұрлым қабілетті шикізат базасына марганец және хромит өнеркәсібі ие екенін атап өткен Ұ. Қарабалин: «Сонымен қатар қатты пайдалы қазбалар бойынша диалогиялық базаның 80 пайызы сонау кеңес уақытында зерттеліп, есепке алынды. Қаржыландыру мәселелері жер қойнауын озық зерттеуге бөгет жасап отыр», — деді.

Министрдің атап өтуінше, қазіргі уақытта негізінен монотехнологиялар пайдаланылуда. Кешенді концентраттарды алу мен қайта өңдеу технологияларына қарай жүйелі жылжу байқалмайды.