Қазақстан-Ресей шекарасынан өту тәртіптері жөніндегі келісімді Қазақстан бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан-Ресей шекарасынан өту тәртіптері жөніндегі келісімді Қазақстан   бекітті

Қазақстан-Ресей шекарасынан өту тәртіптері жөніндегі келісімді Қазақстан бекітті

АСТАНА. 26-шілде. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан мен Ресейдің шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей шекарасынан өту тәртіптері жөніндегі ҚР мен РФ үкіметаралық келісімін бекіту туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 26 Шiлде 2007
  • 457
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, келісімнің басты мақсаты — екі елдің шекаралық аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасынан өту тәртіптерін жеңілдетуге саяды.

Жаңа құжатқа сәйкес, «шекаралық аумақтардың тұрғындары Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекарадан осы өңірде тұру дерегін растайтын құжат пен жеке басын куәландыратын құжатты көрсету арқылы өткізу бекеттерінен өтеді».

Келісімге 2006-жылдың 3-қазанында Оралда қол қойылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті