Қазақтың бүркітші қызы туралы фильм сәуірден бастап көрсетіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтың бүркітші қызы туралы фильм сәуірден бастап көрсетіледі

Қазақтың бүркітші қызы туралы фильм сәуірден бастап көрсетіледі

Бұл туралы Айшолпан мен әкесі Нұрғайыптың моңғолиялық БАҚ-қа берген сұқбатында айтылған, дейді BAQ.kz тілшісі. «Танымал деректі

  • 11 Қаңтар 2017
  • 469
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Айшолпан мен әкесі Нұрғайыптың моңғолиялық БАҚ-қа берген сұқбатында айтылған, дейді BAQ.kz тілшісі.

«Танымал деректі фильм жасаушы режиссер Отто Белл түсірген «Бүркітші қыз» атты фильм Моңғолияда сәуір айынан бастап көрсетіле бастайды» — дейді Айшолпан өз сұқбатында.

Сонымен қатар бүркітші қыз өзі туралы анимациялық кино жасау да қолға алынып жатқандығын да айтты.

«Мен туралы мультфильм де жасалатын болады. Оған алдын ала суретке түсіру жұмыстары да сәуір айында басталады деп жоспарланып отыр» — дейді бүркітші қыз.

Естеріңізде болса, Моңғолияда тұратын қазақ қызы Айшолпан Нұрғайып туралы америкалық режиссер Отто Белл «Бүркітші қыз» атты деректі фильм түсірген болатын. Ол карина өткен жылы Оскарға ұсынылған.


Ал осы әлем таныған қаршадай қыздың бар арманы оқуын жақсы оқу ғана.

Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр