Қазақтың "Сарыжайлау" әні "Поле чудесте" шырқалды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.31
  • 568.33
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтың "Сарыжайлау" әні "Поле чудесте" шырқалды

Қазақтың "Сарыжайлау" әні "Поле чудесте" шырқалды

Саратов облысының тұрғыны Альбина Сейітқалиева бірінші айналымда жеңіске жетті, онымен бірге келген 12 жастағы Эльвира Ғазизулина ән шырқады

  • 18 Қаңтар 2021
  • 56
Фото - Caravan.kz

Ресейлік "Поле чудес" телеойынында қазақтың "Сарыжайлау" әні орындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Соңғы бағдарламаға Саратов облысының тұрғыны Альбина Сейітқалиева қатысты. Ол Пугачев ауданындағы Давыдовка ауылында тұрады. Мамандығы – заңгер.  

"Біздің жердің әсемдігі жайында тоқтамай айта беруге болады. Жалғыз Ырғыздың өзі Еуропадағы ең бұралаң өзен болып саналады. Ал біздің даламыз бен егістік алқаптарымыздың ұшы-қиыры жоқ. Біздің ауданымыз – ауыл шаруашылықтың көшбасшысы", — дейді Сейітқалиева.

Альбина өзімен бірге 12 жастағы Эльвира Ғазизулинаны да алып келген. Жас әнші қазақтың "Сарыжайлау" әнін орындап берді (видеода 13-ші минутта басталады).


Альбина Сейітқалиева бірінші айналымда жеңіске жетті. Бірақ финалда қарсыластары барабанды екінші рет айналдыруға мүмкіндік бермеді.