“Қазақтың жауы, сатқын болып шықтым”: Адвокат Ләззат Ахатова Серікжан Біләштің өтірігін жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Қазақтың жауы, сатқын болып шықтым”: Адвокат Ләззат Ахатова Серікжан Біләштің өтірігін жайып салды

“Қазақтың жауы, сатқын болып шықтым”: Адвокат Ләззат Ахатова Серікжан Біләштің өтірігін жайып салды

Адвокат Ләззат Ахатова белсенді Серікжан Біләш туралы бар шындықты жайып салды.

  • 18 Қазан 2022
  • 4093
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Серікжан Біләш туралы.
8.
“Мен біліп отырмын, Семейде біздің адамдар бар. Екеуінің адвокаты ретінде ООН-ға хат жаз. Қазақстанда ана екі жігітті Қытайдағы саяси лагерьдегіден бетер азаптап жатыр. Комиссия жіберулеріңізді сұраймын деп жазу керек”-дейді Бабуссалам көкем
“Ау, ағасы, дәлел бар ма? Кім қинап жатыр? Мен екеуімен кеше ғана сөйлестім. Күліп, әзілдесіп сөйлесті, екеуі де. Қоя тұрыңыз, ООН ойыншық па, алдымен өздерімен сөйлесіп алайын. Қажет болса, Семейге барып, бетпе-бет сөйлесем” дедім.
“Сен нағыз сауатсыз адвокат екенсің” дейді, бас-аяғы жоқ. “Кім десеңіз, о деңіз. Мен Біріккен Ұлттар Ұйымына өз елімді негізсіз, дәлелсіз жамандап, хат жазбаймын. Екі балаға қауіп төнгенде, ҰҚК-нің орынбасары қайтаруымыз мүмкін деп сұқбат бергенде, жаздым. Аянған жоқпын. Ол кезде дәлел болды. Ал қазір маған уақыт керек. Сіз айтқан жайтқа көзімді жеткізуім керек”-дедім. Екеуміздің смс жазысқан скринді ашуланып, желіге де салғам, сол кезде)) Намысыма тиетін сөздер айтқан соң😉 Сақталмапты. Әйтпесе қазір де салар ем)
Қош, сонымен жаным тынбай, Семейдегі колонияның нөмірін іздеп кеттім. Екі бала өздері звондайтын ғой. Әр түрлі нөмірден. Колонияның телефондары ғой. Соққан нөмірлерге хабарлассам, бәрі өшірулі. Белгілі уақыттарда ғана қосатынын естігем, алдында. Бүкіл интернетті ақтарып жүріп, басшысының нөмірін таптым. Тәуекел деп, тел.соғып едім, ала салды. Жағдайдың бәрін жасырмай, айттым. Аты-жөні сол кезде есімде еді. Қазір ұмытып қалыппын. Ол кісі де шошып кетті. “Маған тікелей соққаныңыз дұрыс болды. Бізде мүлде ондай жағдай болмайды. Тем более ол екі жігіт тікелей бақылауымызда. Ешкімнің қысым көрсетпеуін қатаң қадағалап отырамыз. Қазір екеуін кабинетіме шақыртып, Сізбен сөйлестірем” деді. Қуанып кеттім.
Арада 10-15 мин.өтпей, қоңырау түсті. Екеуі.
— Не болды, әпеке, тыныштық па? Не үшін бастыққа соқтыңыз?- деп, аң-таң. Менің көңілімде сонда да бір күдік тұр..
— Қастер, жайлап кабинеттен шығып кете аласың ба? Аулағырақ барып, сөйлесе аласың ба?- деймін.
— Қазір- деп, сыртқа шықты.
— Әпеке, жайша соғып жатсыз ба?
— Сендер маған шындарыңды айтыңдаршы, сендерді күнде ұрады екен ғой, қинап, азаптап жатыр екен.
— Мәә, оны кім айтты? 
Мұрагерге берді сосын, трубканы. Екеуін әбден тергедім) Шек — сілелері қатып, күледі.
— Күлмеңдер, мен серьезно сұрап тұрмын- деп, болмаймын.
— Естіп қояды десеңдер, жай айтыңдар, болмаса бір белгі беріңдер. Мен барып, қайтам Семейге- дедім.
— Әпеке, имандай шынымыз, мұнда бізге ешкім саусағының ұшын да тигізбейді, — деп, ант-су ішті, ақырында.
Сосын Бабуссаламға жаздым.
“Аға, оныңыз не? Екі бала дін аман. Қазір ғана сөйлестім. Ешкім тиісіп жатқан жоқ. Жағдайлары жақсы. Ондай масқара өтіріктің не керегі бар? Мақсатыңыз не, сонда? Адамды өте ыңғайсыз жағдайға қалдыра жаздадыңыз” — дедім.
Содан басталды ғой) “Сауатсыз, топас, КНБ-ның адвокаты, қазақтың жауы, сатқын” боп шықтым)))
Түрмеден алып шыққаннан кейінгі жағдайды келесі постта жазайын)
Жалғасы бар", — деп жазды Ләззат Ахатова.