«Қазғарыш» киіктердің қырылуына қатысты мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазғарыш» киіктердің қырылуына қатысты мәлімдеме жасады

«Қазғарыш» киіктердің қырылуына қатысты мәлімдеме жасады

Киіктердің қырылауына улы гептилдің қатысы барын «Қазғарыш» та мойындады. Демалыста жүрген басшысы Мұсабаевтың  орнына Сенатқа келген Мейірбек Молдабеков ақбөкендердің өліміне «Протонның» тікелей әсерін жоққа шығарған жоқ. Десе де, шенеунік ресейлік зымырандарға да шаң жуытқысы келмей кібіртіктеді. 

  • 27 Мамыр 2015
  • 340
Фото - Caravan.kz

Мейірбек Молдабеков, Аэроғарыш комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

-Әрине, киіктердің қырылып жатқан жағдайы экологиямен байланысты болуы мүмкін, соның ішінде ғарыш айлағымен байланысты болуы мүмкін. Бірақ, киіктердің қырылып жатқан аймақтарын қарасақ, ол біздің «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшып жатқан зымырандар құлайтын, оның әсер ететін ауданнан тым алыс. Қазір соны зерттеп қараймыз.

Өйткені, тура он күн бұрын «Байқоңыр» ғарыш айлағынан орбитаға аттанған  Ресейдің «Протон» зымырантасығышы діттеген жеріне жетпей апатқа ұшыраған болатын. Ал, бір күннен кейін Қостанай облысында киіктердің  өлексесі табыла бастады. Табиғат жанашырлары улы гептил араласқан шөпті жеп, ақбөкендер содан қырылды деп есептейді. Қазір Ақмола, Ақтөбе, Қостанай облысы бойынша қырылғын киіктің саны 90 мыңнан асты. Алайда, Ауыл шаруашылығы министрлігі жұтты «Протонмен» емес, пастереллезбен байланыстырып отыр. Жұт осы індеттен келген депті министрлік ресми қорытындысында.