Қазгидромет: Бүгін республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазгидромет: Бүгін республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болады

Қазгидромет: Бүгін республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болады

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады, жел күшейеді деп күтілуде. Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында ауа райы жауын-шашынсыз болуы ықтимал. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Қазан 2013
  • 393
Фото - Caravan.kz

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында, күндіз Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді деп күтілуде, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында түнде және таңертең тұман түседі.

Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.


Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысының таулы өзендерінде су деңгейінің тұрақсыздығы байқалады.