Яғни, «Қазгидрометтің» лауазымды қызметкері 5 фирмамен келісім-шартқа отырып, құрал-жабдық сатып алу үшін тендер өткізген. Оған бюджеттен бұрын-соңды болмаған 3 миллиард теңге бөлініпті. Техника ауа-райын болжауға арналған болуы керек. Алайда, қызмет бабын пайдаланған 41 жастағы «Қазгидромет» директорының орынбасары Нұркен Сұлтанов 1 миллиард 200 миллион теңгені бас пайдасына жаратқан деген күдікке ілініп отыр. Қазір ол қолхатпен бсотандықта жүр. Ал қылмыстық іс тергеліп бітіп, қаржы полициясы материалдарды сотқа жолдады. Атышулы процесс жақын арада басталуы тиіс.