Жарияланды: 330

"Қазгидромет" Іле Алатауында көшкін түсу қаупі жөнінде ескерту жариялады

Бүгін, 13-қарашада "Қазгидромет" РМК Іле Алатауының бөктерлерінде көшкін түсу қаупі жөнінде ескерту жариялады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

РМК ақпаратына сәйкес, таулардың ылдиына жаңадан көп мөлшерде қар жаууына байланысты 2500 метрден жоғары биіктіктерде көшкін түсу ықтималдығы зор. Осыған байланысты ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің басшылығы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаларына халыққа осы жөнінде хабарлама таратып, адам шығынына жол бермеуге шаралар қолдануды тапсырды. Атап айтсақ, құтқару қызметінің құрамы мен техникасын дайындық жағдайына көшіру, қамтамасыздық нысандарына тұрақты жұмыс істеуге жағдай жасау, жолдар мен көпірлер ахуалына және көлік қозғалысына бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін