Қазгидромет: өткінші жаңбырлар, найзағай мен ұйытқыма желдер бүгін де сақталады - kaz.caravan.kz
  • $ 457.98
  • 490.86
+30 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазгидромет: өткінші жаңбырлар, найзағай мен ұйытқыма желдер бүгін де сақталады

Қазгидромет: өткінші жаңбырлар, найзағай мен ұйытқыма желдер бүгін де сақталады

Сәрсенбі күні антициклон Қазақстанның солтүстігінде, батыста және солтүстік-батысында аздап бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады.

  • 15 Маусым 2011
  • 330
Фото - Caravan.kz

Республиканың орталық, шығыс, оңтүстік-шығыс аумақтары арқылы атмосфералық ағымдардың ығысуы күтілуде, олармен жекелеген жерлерде өткінші жаңбырлар, найзағай мен ұйытқыма желдер сақталады. Бұл туралы Қазақстанның Гидрометеорологиялық қызметінен мәлім етті.

Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Маңғыстау облысының сулы нысандарының жағалауында түнде және таңертең тұман күтілуде.

Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қызылорда, күндіз Жамбыл, түнде Қарағанды облыстарының жекелеген аумақтарында секундына 15-20 метр екпінмен жел соғады.

Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар