"Қазгидрометтің" 7 маусымға болжауы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазгидрометтің" 7 маусымға болжауы

"Қазгидрометтің" 7 маусымға болжауы

«Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, Қазақстанның бөлігінің ауа райына циклон әсер етеді,

  • 7 Маусым 2011
  • 351
Фото - Caravan.kz

сондықтан жекелеген жерлерде жаңбыр жауады, күн күркіреп, күшті жел соғады, кейбір аумақтарда бұршақ түсуі ықтимал. Ал республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысы антициклонның ықпалында болып, күн жауын-шашынсыз өтеді деп күтілуде.

Атап айтқанда, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Жамбыл, Атырау, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының кей өңірлерінде 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Павлодар облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей аумақтарын түнде тұман басады, секундына 15-20 метр күшпен жел соғып, бұршақ жауады.

Маңғыстау облысында түнде тұман болады.

Сондай-ақ синоптиктердің болжауынша, республиканың оңтүстігіндегі жоғары өрт қаупі бүгін де сақталады.

Соңғы жаңалықтар