Қажылыққа бару құжаттарын қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қажылыққа бару құжаттарын қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады

Қажылыққа бару құжаттарын қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады

Барша мұсылманның асыл арманы болған ұлы құлшылық, қасиетті қажылық сапарына да санаулы күндер қалды.

  • 11 Тамыз 2015
  • 370
Фото - Caravan.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық парызын өтеуге ниет білдірген отандастарымызды Алланың қонағы болуға шақырады, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметінен.

«Биыл тұңғыш рет Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан Жидда (яғни, Мекке қаласына) бағыты бойынша тікелей рейс ашылды. Бұл — Қазақстан қажылары үшін мол мүмкіндік, үлкен жеңілдік. Пайғамбарлар атасы Ибраһимнің (ғ.с.) ізі қалған, құтты мекен, қасиетті жер, Жаратушының нұры жауған Мекке мен Мәдина шаһарын зиярат етуге асығайық, бауырлар!», делінген хабарламада.

Биылғы қажылық маусымы қыркүйек айының 11-інен басталып, қазан айының 15-інде аяқталады. Ал 24 қыркүйекте ұлық мейрам Құрбан айт мерекесі басталады.

Сауд Арабиясы Қажылық министрлігінің бекіткен ережелері бойынша қажылық сапарына қатысты құжаттарды қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады. Биылғы қажылық маусымының ең қысқа мерзімі — 13 күн. Бұдан да ұзақ мерзімді таңдайтын азаматтар үшін 28 күнге жоспарланған арнайы рейстер ашылған.


Жылдағы дәстүр бойынша ҚМДБ Қажылық Миссиясының мүшелері — білікті, жоғары санаттағы дәрігерлер қажыларымыздың денсаулығын 24 сағат бойы бақыласа, 30-дан астам дінтанушы-ғалымдар мен тәжірибелі имамдар ұлы сапарда туындаған сұрақтарға жауап беріп, діни рәсімдердің дұрыс атқарылуына жіті көңіл бөледі.

«Қажылық — мұсылман үмбетінің бірлігін айқындайтын, барша адамзатты ұлы мақсатқа үндейтін, пендені рухани кемелденуге бастайтын мол мүмкіндіктер мен сансыз сауаптар маусымы. Жаратушы Иеміз қажылық сапарын абыроймен атқарып, Отанымызға сауап арқалап оралуды жазғай!», деп атап өтілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар