Бұл туралы Халық әртісі Instagram парақшасында жазды. Жүнісова Қыдырәлі мен Қарақат жүргізетін "Жақсы адамдарым" бағдарламасына шақырту алған.
"Осы хабарға мені түсуруге болмайды деген, Зәкең билікке қарсы шыққаннан кейін қара тізімде болып едік. Қазіргі билік рұқсат етіпті. Дүйсенбіде түсіреді екен, көрермендер болады дейді. Көрермендер болады дегенді мен түнде біліп жатырмын. Сіздер қалай ойлайсыздар? Осы хабарға шақыруды 18 жыл күтіппін", — деп ағынан жарылды Мақпал Жүнісова.