Қазіргі жағдаймен мәслихаттар депутаттығына 51 кандидат ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазіргі жағдаймен мәслихаттар депутаттығына 51 кандидат ұсынылды

Қазіргі жағдаймен мәслихаттар депутаттығына 51 кандидат ұсынылды

АСТАНА. 3-шілде. Kazakhstan Today. қазіргі жағдаймен елімізде мәслихаттар депутаттығына 51 кандидат ұсынылды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясынң төрағасы қуавндық Тұрғанқұлов бүгін өткен комиссия отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 3 Шiлде 2007
  • 386
Фото - Caravan.kz

«2007 жылғы 3 шілдедегі жағдай бойынша мәслихаттар депутаттығына 51 кандидат ұсынылды. Олардың ішінен 19 кандидатураны «Нұр Отан» Халық демократиялық партиясы ұсынды және 32 кандидатура өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды»,- деді комиссия төрағасы.

Облыстық мәслихаттарға 7 кандидат ұсынылды; Астана қаласының мәслихатына 3 кандидат; аудандық мәслихаттарға 39 кандидат; қалалық мәслихаттарға 2 кандидат ұсынылды.

Қ.Тұрғанқұловтың айтуынша, мәжіліс депутаттығынан үміткерлердің партиялық тізімі Орталық сайлау комиссиясына ұсынылған жоқ.

«Ағымдағы жылғы 30 маусымда өткен «Руханият» партиясының және «Ауыл» Қазақстан әлеуметтік-демократиялық партиясының съездерінде жасалған партиялық тізімдер Орталық сайлау комиссиясына тіркеу үшін әзірге түскен жоқ»,- деді Қ.Тұрғанқұлов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті