"ҚазМұнайГаз" АИ-92-ні қолма-қол ақшаға құймай жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ҚазМұнайГаз" АИ-92-ні қолма-қол ақшаға құймай жатыр

"ҚазМұнайГаз" АИ-92-ні қолма-қол ақшаға құймай жатыр

"ҚазМұнайГаз" жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензинін қолма-қол ақшамен сатпай жатыр. Компанияның анықтама бөліміндегілердің айтуынша, қазір жанармайдың бұл түрі тек клуб картасы немесе талоны бар клиенттерге ғана беріледі екен.

  • 19 Қараша 2016
  • 860
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

"Клиентте карта немесе талон болса, ол еш қиындықсыз жанармайын құйып алады. Дәл қазір біз АИ-92 маркалы бензинін қолма-қол ақшамен сата алмаймыз. Кейбір жерлерде АИ-92 қолма-қол ақшаға сатылып жатыр. Бірақ онда тек 10 немесе 20 литр жанармай құюға болады", — деді компанияның анықтама бөліміндегілер.

Сондай-ақ, олар "ҚазМұнайГаз" жанармай құю бекеттеріне қысқы дизель отыны келмегенін айтты. Қысқы дизель отыны әзірше тек Астанада, Алматыда және Павлодарда бар екен.


 

Соңғы жаңалықтар