«Қазіргі таңда бірінші кезекте АҚШ-та жанармай мен авиациялық керосинді тұтыну мөлшерінің өсуіне байланысты жанармай бағысының қымбаттау ағымын байқап отырмыз. Жалпы өсім сөзсіз болмақ. Бірақ жаздың аяғы, күздің басында біз мұнай және мұнай өнімдері бағасының бірқалыпты бірақ шамалы түсу құбылысын бақылайтын боламыз»,- деді Е.Ақкенженов.
Осыған байланысты ол «Ұлттық компания ретінде ҚазМұнайГаз бағаның төменгі деңгейде сақталуын басымдыққа санайтынын, өйткені, ішкі нарықты сапалы өнімдермен қамтамасыз ету, сондай-ақ, бағаны тұрақты әрі төмен деңгейде сақтау жауапкершілігі компанияға жүктелетінін» атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті