"ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ мен Аджип ККО арасындағы Қашаған жобасына қатысты келіссөздер осы аптада аяқталуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 485.11
  • 523.82
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ мен Аджип ККО арасындағы Қашаған жобасына қатысты келіссөздер осы аптада аяқталуы мүмкін

"ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ мен Аджип ККО арасындағы Қашаған жобасына қатысты келіссөздер осы аптада аяқталуы мүмкін

"ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ мен Аджип ККО арасындағы Қашаған жобасына қатысты келіссөздер осы аптада аяқталуы мүмкін. Бұл туралы 23-ақпанда Алматы мен Астана астана арасында өткізілген бейне баспасөз мәслихатында "ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның президенті Ұзақбай Қарабалин хабарлады.

  • 23 Ақпан 2004
  • 437
Фото - Caravan.kz

Ұ.Қарабалиннің айтуынша, «аталмыш жоба бойынша келіссөздер таяу уақыттарда аяқталар деген үміт бар. Келіссөздер қорытындысы ҚР үкіметінде бекітіледі». «Бұл келісімге алдағы уақытта қол қоямыз деген сенім бар. Біздің пайымдауымызша, төлем бастапқыда бір мәрте төленіп, бұдан кейін мұнай өндіру жұмысын кешеуілдету үшін төлем алынады»,- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Agip KСO Қашаған кенішінде мұнай өндіре бастау мерзімін 2007-жылға дейін шегеруге келісім беруге байланысты шығынның өтемі ретінде 150 млн. доллар ұсынған болатын.
Ал Agip KCO консорциумы мен ҚР үкіметі арасындағы келісім шартына сәйкес, Қашаған кенішінде мұнай өндіру жұмысы 2005-жылы басталуы тиіс.
Agip KCO консорциумына BG Group, Exxon Mobil, Inpex Masela Ltd., Phillips, Shell және TotalFinaElf компаниялары біріккен. Қашаған кенішіндегі алғашқы мұнай Восток-1 ұңғысында 2000-жылдың жазында табылды. Кеніштегі дәлелденген мұнай қоры 11 млрд. баррельді құрайды.