"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы 2005 жылдың бірінші тоқсанында 4 577 мың тонна мұнай және газ конденсатын өндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.73
  • 546.57
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы 2005 жылдың бірінші тоқсанында 4 577 мың тонна мұнай және газ конденсатын өндірді

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы 2005 жылдың бірінші тоқсанында 4 577 мың тонна мұнай және газ конденсатын өндірді

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы 2005 жылдың бірінші тоқсанында 4 577 мың тонна мұнай және газ конденсатын өндірді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 332 мың тоннаға артық. Мұнай өндірісінің артуы жаңа технологияларды қолдануға байланысты мүмкін болды. 2005 жылы 9 323 мың тонна көмірсутегі өндіру жоспарланып отыр. Бұл туралы кт тілшісіне компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

  • 12 Шiлде 2005
  • 425
Фото - Caravan.kz

Үстіміздегі жылдың алты айында «Атырау МӨЗ» ЖШС 1 798 мың тонна мұнай өңдеді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37,4 пайызға көп. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы ресурсынан 1 306 мың тонна мұнай жеткізілді. Мұнай өнімдерінің шығарылымы да артты: бензин — 47,7 пайызға, дизель отыны — 32,1 пайызға, мазут — 69,3 пайызға.

2005 жылдың қаңтар-маусым айында «ҚазТрансОйл» АҚ жүйесі бойынша 18 380 мың тонна мұнай тасымалданды. 2005 жылы 36 574 мың тонна мұнай тасымалданбақшы.
2005 жылдың қаңтар-маусым айында «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ының магистральды құбыр жолдары арқылы 64,8 млрд. текше метр газ тасымалданды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,19 млрд. текше метрге артық. 2005 жылы 116,7 млрд. текше метр газ тасымалданбақшы.